45 күнге дейінгі шағын несиелер мөлшерлемесін төмендету тиімсіз — Әбілқасымова

cover

45 күнге дейінгі мерзімге берілген микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖСМ) төмендету тәуекелділік тудырады, деп есептейді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚРРФМ) төрайымы Мәдина Әбілқасымова.

— Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес микрокредиттер бойынша  салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесінің (ССМ) шекті мәні 56% болады. Бұл шектеу несиенің қысқа мерзімі – 45 күнге дейінгі мерзімге байланысты 50 АЕК-ке дейінгі шағын несиелерге қолданылмайды. Салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәнін 56% мөлшерінде микрокредиттер үшін 50 АЕК-ке дейін ұзарту лицензиясы бар микроқаржы ұйымдарының мұндай несиелерді беруді тоқтатуына әкелуі мүмкін, бұл ретте сұранысқа байланысты шағын несиелеудің көлеңкелі нарығының пайда болу қаупі бар, - деді Әбілқасымова Мәжіліс депутаттарының «Ақ жол» фракциясы сауалына жауабында.

Бұған дейін 56 пайыз көлемінде барлық шағын несиелер бойынша бірыңғай салыстырмалы сыйақы мөлшерлемесінің шекті мәнін құруды талап еткен депутаттар қысқа мерзімді шағын несиелер бойынша мөлшерлеме 2333 пайызға жеткенін айтқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар