437 мыңнан астам мемлекеттік қызметшілер декларация толтырды

cover

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі шеңберінде парламент пен мәслихат депутаттары, министрлер, әкімдер, судьялар, комитеттердің басшылары, сондай-ақ олардың әйелдері кірістерін жария етті.

Бұл туралы Orda.kz Time.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сейсенбідегі үкімет отырысында бірінші кезеңнің аралық нәтижелері туралы айтты.

– Бүгінгі күні декларациялаудың бірінші кезеңінде 437 мыңнан астам адам салық есептілігін тапсырды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 91 пайызын құрайды, - деді Жамаубаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің, депутаттар мен судьялардың көп бөлігі декларацияларын E-Salyq Азамат мобильді қосымшасы және салық төлеушінің электронды кеңсесі арқылы онлайн режимінде тапсырған. Декларацияны әлі аяқтамаған мемлекеттік қызметшілер үшін 15 шілдеге дейін (қағаз түрінде) және 15 қыркүйекке дейін (электронды түрде)  уақыт бар.

Барлығы декларациялаудың төрт кезеңі Қазақстанда жүзеге асырылады:

  • 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап - декларацияны барлық дәрежедегі мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде «А» корпусының лауазымды адамдары және жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар ұсынады.
  • 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері және олардың жұбайлары (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт) тапсыруы керек.
  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап - декларация заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары үшін енгізіледі.
  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларациялау қағидасы күшіне енеді - оған азаматтардың қалған санаттары, яғни халықтың қалған бөлігі қосылады.

Ел аумағынан тыс жерде меншік құқығындағы мүліктің, сондай-ақ шетелдік банктердегі шоттардағы ақшаның болуы туралы деректерді жасырғаны үшін 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салынады. Егер жыл ішінде бұзушылықтар жойылмаса - 200 АЕК мөлшерінде (583 400 теңге). Сонымен қатар, лауазымды адамдарға тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар