400 млн табыс: «QAITADAN» фильмі қазақстандық кинопрокатта көш бастады

cover «QAITADAN» фильмінен кадр

«QAITADAN» фильмі қазақстандық кинопрокатта көш бастады, деп хабарлайды Orda.kz.

Биыл 4 қыркүйектен бастап режиссер Думан Еркінбектің  «QAITADAN» фильмі прокатқа шықты. Картина 1 аптаның ішінде 400 млн қаражат жинап, отандық бокс-офисте көш бастап тұр.

Фильмді «Dala Cinema» кинокомпаниясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.

Туынды көрерменге голливудтық «уақыт ілмегі» (day loop) мотивін қазақы болмыс және өзекті әлеуметтік мәселелермен сәтті үйлестірген бірегей туынды. Түсірілім тобы су тасқыны шынайы шығуы үшін қолдан дамбы тұрғызып, оны жарған. Ауылдың макетін жасап, су басып жатқанын түсірген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар