4-ші қабаттан 6 жасар бала құлады

cover фото: Pexels

Ақмола облысының Қосшы қаласында көпқабатты үйлердің бірінде 6 жасар бала терезеден құлады.

Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Көпқабатты үйлердің бірінде 4-ші қабаттан 6 жасар бала құлап кетті. Оқиға Ақмола облысы Қосшы қаласында орын алды. Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді.

«Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған, балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз»  деп хабарлады ТЖМ. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар