4 мыңнан астам қоқыс үйіндісі анықталды: Лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

cover Фото: Polisia.kz

ІІМ арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс төгіп, қоғамдық орындарды ластағандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тазалық акциясы басталғалы 4 мыңнан астам бейберекет қоқыс үйіндісі анықталған. 722 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілген. Қоғамдық орындарды ластағандар мен абаттандыру қағидаларын бұзғандар табылды. 

ІІМ нәтижесінде үш мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісі жойылғанын мәлімдеді. 

«Сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке лауазымды тұлғалар, оның ішінде әкімдіктер мен коммуналдық қызмет өкілдері де тартылды», деп хабарлады ІІМ. 

Сонымен қатар полиция тарапынан халықпен және ұйым өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қоқысты шығару және жинау ережелері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескерткен.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар