30 теңгені игермегені үшін әуежайға 4,5 млн теңге айыппұл салынды

cover

Атырау халықаралық әуежайына кәсіпорындардан электр энергиясы үшін алынған 6 млн 300 мың теңгені толық игермегені үшін 4,5 млн теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Әуежай өз аумағында орналасқан кәсіпкерлерден электр энергиясына 6 млн 300 мың теңге алған. Бірақ есеп-қисап кезінде есепшілер 30 теңгені жұмсап үлгермеген.

Осы себепті Монополияға қарсы агенттік 4,5 млн теңге айыппұл салған. Алайда, әкімшіліктегілер сотқа жүгінбекші.

– Табиғи монополиялар туралы Заңға сәйкес, субъект тарифтік сметаны орындауға міндетті. Мұны әуежай басшылығы орындамағандықтан  оларға 4,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік іс қозғалды. 30 теңге болмасын, АНПЗ компаниясы 53,7 млн негізсіз кіріс алып отыр. Алайда, әуежай департаменттің шешімімен келіспей, бізге материалды сотқа жіберу туралы өтініш жолдады, - деді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Әлібек Төлеп.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар