29 млн жымқырған қаржы пирамидасының басшысына үкім шықты
Фото: Envanto
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасына аса ірі мөлшерде қаражат тарта отырып басшылық жасаған адамды 5 жылға бас бостандығынан айырды, хабарлайды Orda.kz.
«Айыпталушы Ш. Астана қаласы аумағында «Chia Tai Pharmaceutical» қаржы пирамидасы бөлімшесін басқарып, 2022-2023 жылдар аралығында Қытайға фармацевтикалық препараттары бар медициналық құрылғыларды өндірумен және экспорттаумен айналысты. Фармацевтикалық зауыт қызметіне заңды инвестициялау түріндегі салымшылардың қаражатын заңсыз тартуды, қосымша зауыт салуды және биологиялық тұрғыдан белсенді қоспаларды жетілдіруді жүзеге асырды», деп мәлімдеді Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.
Қылмыстық әрекет нәтижесінде Ш. 12 жәбірленушіге 29 278 762 теңге сомасында материалдық шығын келтірген.
«Сот жәбірленушілерге қылмыспен келтірілген материалдық зиянды өтемеу, сондай-ақ жеңілдететін мән-жайларды және ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын ескере отырып, ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармақшасы бойынша Ш.-ны кінәлі деп танып, оған азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады» делінген хаттамада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз