Маңғыстауда мектептегі жағдайдан кейін қылмыстық іс қозғалды

cover Фото: Orda.kz

6 қыркүйекте Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте бастауыш сынып оқушылары ұлынып қалды, деп хабарлады Orda.kz.

1-4 сыныптың 460 оқушысы мектеп асханасында тамақ ішкеннен кейін ішінің ауырып, дене қызуының көтерілгенін айтып шағымданған. Ресми түрде улану себебі әлі жарияланған жоқ, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккен оқушылардың ата-аналарының айтуынша, балалар мектепте картоп езбесі мен котлет жеген.

Мына, мемлекеттік сатып алу сайтына қарасақ, №8 мектептің бастауыш сынып оқушыларына қызмет көрсететін асхананы  ЖК «Д.Шакенова»жеке кәсіпкерлігі басқарады. Компанияның 224 шарты бар, оның көпшілігі тікелей келісім арқылы жасалған. Кәсіпорынның жылдық табысы 2,5 миллиард теңгеге бағаланған.

8 қыркүйекте Бесшоқы ауылындағы уланған оқушылар саны 289-ға жеткен. Ауруханада 67 бала жатыр, оның екеуі жансақтау бөлімінде.

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Балалардың жағдайы жақсарып келеді. Жағдайы бір қалыпты оқушыларды аудандық емханалардан үйлеріне шығара бастады деп хабарлады өңір билігі.

Облыстық полиция департаменті улану дерегі бойынша ҚР ҚК 304-бабы, яғни «Санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Санитарлық нормалардың сақталуын тексеру үшін тергеу басталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар