280 миллион теңгеге үй мен көлік алған: Шымкентте тағы бір зергерлік қаржы пирамидасы әшкереленді
Фото: Envanto
Бұл жолы Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті Mooni Gold қаржы пирамидасының жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сценарий бұрыннан таныс — біз мұндай жағдайлар туралы бұған дейін де жазғанбыз. Алаяқтар өздерін зергерлік компания ретінде таныстырып, адамдарға жоғары табыс уәде еткен — салынған қарражатты 20-30%-ын бес ай ішінде қайтарамыз деген.
Алайда, шын мәнінде, алғашқы салымшыларға ақша жаңа қатысушылардың жарналары есебінен төленген.
Аталған қаржылық схемаға 1000-нан астам адам тартылған. Адамдар жалпы сомасы 500 миллион теңгеден астам қаржы салған.
Ұрланған ақшаның бір бөлігіне күдіктілер 280 миллион теңгеге үй мен көлік сатып алған. Қазіргі таңда сот бұл мүлікті бұғаттады.
Тінту кезінде 15 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша және 28 миллион теңгеден астамға бағаланған 67 алтын әшекей тәркіленді.
Көптеген салымшылар пирамиданың уәдесіне сеніп, пәтерлері мен көліктерін кепілге қойып, несие алып ақша салған. Жәбірленушілердің бірі — зейнеткер әйел — өз пәтерін кепілге қойып, 67 миллион теңгесін алаяқтарға берген.
Сызбаны жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар «дропперлерді» яғни, өзге салымшылардың ақшасы аударылған және оны алып беретін тұлғаларды пайдаланған.
Қазір күдіктілер екі айға қамауға алынған.
Айта кетейік, былтыр Қазақстанда жарты жылда 36 қаржы пирамидасы анықталды. Биыл Түркістан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырған 20 адам сотталды.
Жаңалықтар
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды