«25 жылға сотталған»: Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Instagram/ @rakhimzhan_yerdenbekov
Асқар Құлыбаевқа жасалған қастандық үшін түрмеде отырған Геннадий Головкиннің бұрынғы жаттықтырушысы Серік Қалиев кәсіпқой бокс федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының басшысы Рақымжан Ерденбеков мәлімдеді. Геннадий Головкиннің және Қарағандыдан шыққан бірқатар өзге де боксшылардың бұрынғы бапкері КБФ президентінің стратегиялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі қызметіне кірісті.
«Оның мол кәсіби тәжірибесі, стратегиялық ойлау қабілеті және спорт жүйесін терең түсінуі Қазақстандағы кәсіпқой боксты дамытуда маңызды ресурсқа айналады» деп жазды Ерденбеков.
Еске салайық, 2004 жылғы 12 мамырда Алматы қаласының орталығында жарылыс болды. Тергеу деректеріне сәйкес, бұл әрекет сол кездегі Қазақстанның әуесқой бокс федерациясының президенті Асқар Құлыбаевтың өміріне қастандық жасау мақсатында ұйымдастырылған.
Сот процесі барысында қылмысқа тапсырыс беруші ретінде ҚӘБФ басшысының орынбасары Серік Қалиев танылды. Нәтижесінде ол 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері ұзақ мерзімін Степногорск, Атбасар және Алматы облысындағы түзету мекемелерінде өтеді. Ол 2025 жылдың тамыз айында бостандыққа шықты.
Айта кетейік, Алматы облысында Ұлттық ұлан сарбазы жаттығу кезінде өзіне оқ атып жараланды.
Жаңалықтар
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?