2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады

cover Фото: Айқын

ҚазАвтоЖол мәліметінше, 2026 жылы жалпы ұзындығы 2 мың шақырым болатын 6 жаңа ақылы жол телімі пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Orda.kz.

Қосылатын учаскелер:

  • Қарағанды–Балқаш–Бурылбайтал (554,6 шқ)
  • Бурылбайтал–Құрты (226,4 шқ)
  • Ақтөбе–Қандыағаш–Мақат (89 шқ)
  • Талдықорған–Өскемен (773 шқ)
  • Атырау–Астрахань (277 шқ)
  • Мерке–Шу–Бурылбайтал (78 шқ)

Қазір елімізде жалпы ұзындығы 4 900 шақырым болатын 26 ақылы жол жұмыс істейді.

Сонымен қатар, ақауы бар 14 учаскеде (477 шқ) жол ақысы уақытша алынбайды. Жолды пайдаланушылар үшін төлем мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту қарастырылып жатыр.

Еске сала кетейік, Ұлттық статистика бюросы Қазақстан қай елдерден көбірек гүл импорттайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар