2025 жылы әлеуметтік төлемдер 6,5 пайызға өседі

cover Фото:egov.kz

2025 жылы әлеуметтік төлемдерің 2 санаты 6,5 пайызға артады. Атап айтар болсақ, еңбек ету қабілеттілігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты төлемдер, деп хабарлайды Orda.kz еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Бұл жоба мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 6,5%-ға индексациялау жолымен халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауды қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды»,  делінген еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің түсіндірмесінде. 

Сонымен қатар, аталған әлеуметтік төлемдердің өсуі мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді. Құжат 17 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сондай-ақ, министрлігтің 1 тамыздағы мәліметі бойынша, 96,2 мың адам еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша, 64,1 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды. Мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 57 685 теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 60 644 теңгені құрап отыр.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар