2025 жылға дейін ауылдарда жаттықтырушылар саны артады

cover

Мәдениет және спорт министрлігі ауыл тұрғындары жаттықтырушылардың жоқтығынан спортпен аз айналысады деп санайды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінде спортпен айналысатын қазақстандықтардың үлесі 5,9 млн адам екенін айтты. Оның ішінде ауылдық жерлерде - 2,3 млн адам (30,7%) бар.

Министрлік 2025 жылға қарай ауыл тұрғындарының шамамен 42% спортпен айналысады деп үміттенеді. Ол үшін дене шынықтыру мұғалімдері спорт секцияларын өткізгені үшін жалақы мөлшерінде қосымша төлем жасауды жоспарлап отыр. Ал жаттықтырушы мұғалімдерге екі есе жалақы төленеді.

Ауылдарда штаттық жаттықтырушылар жетіспейді, деді министр.

– Министрлік әр ауылдық округте штаттық жаттықтырушылардың санын көбейту және олардың санын 2025 жылы 3561 адамға (2021 жылы - 3 мың адам) жеткізу бойынша шаралар қабылдайды. Бүгінгі күні ауылдық жерлерде 1,2 мыңға жуық жаттықтырушылар жұмыс істейді. Олардың ең көп саны Алматыда - 961, Қарағандыда - 271 және Алматы облыстарында - 253, ең аз саны Шымкентте – 9 және Түркістан облысында - 8 тіркелді, -  деп қосты ол.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар