2024 жылы қанша адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

cover Фото: gov.kz

Жоғарғы сот өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Ведомствода Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру белгіленуі мүмкін екені ескертілді.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2024 жылғы статистикалық мәліметтеріне сәйкес, бірінші сатыдағы соттар заңды күшіне енген үкімдер бойынша 6 адамды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті», деп хабарлады Жоғарғы сот.



Сот мәліметінше, үшеуі Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру», үшеуі 121-бабы «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бойынша сотталған.

 
«Өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылған жазаларға қатысты статистикалық есеп жүргізілмейді», деп мәлімдеді мекеме.


 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар