2024 жылғы Қазақстандағы зейнетақы мен жәрдемақы
Мемлекеттік жәрдемақы мен базалық зейнетақы төлемі 7 пайызға, ынтымақты зейнетақы 9 пайызға өседі, деп хабарлайды Orda.kz.
2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айқындаған инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес мемлекеттік жәрдемақылардың және базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінің көлемін 7%-ға арттыру көзделген. Ал ынтымақты зейнетақы – 9%-ға, яғни инфляция мерзімінен бұрын 2%-ға, деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бюджеттен төленетін зейнетақының орташа жиынтық мөлшері (Бірыңғай зейнетақы қорынан төленетін төлемдерді есепке алмағанда) 2024 жылы 130 414 теңге (2023 жылы – 120 838 теңге) болады.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл бойы базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін жыл сайынғы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ға, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту жүзеге асырылуда.
Осылайша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-дан 65%-ға дейін ұлғайтылады, ол 28 215 теңгені құрайды, ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100-ден 105%-ына дейін өседі, яғни 45 578 теңге болады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақыларды арттырудың кейбір мысалдары:
- 1, 2, 3 бала туғанда төленетін жәрдемақы 131 100 теңгеден 140 296 теңгеге, 4 және одан да көп бала туғанда 217 350 теңгеден 232 596 теңгеге дейін өседі;
- көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты 4 балалы отбасыларға 55 304 теңгеден 59 183 теңгеге дейін, 10 балалы отбасыларға 138 000 теңгеден 147 680 теңгеге дейін өседі;
- I топтағы мүгедектерге берілетін жәрдемақы 89 248 теңгеден 95 496 теңгеге, II топтағы мүгедектерге 71 398 теңгеден 76 397 теңгеге, III топтағы мүгедектерге төленетін жәрдемақы 48 681 теңгеден 52 089 теңгеге дейін өседі.
Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігін жоғалту бойынша төлемдер 7 пайызға өседі. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек төленеді.
Төлемдер мөлшері әртүрлі және мыналарға байланысты: соңғы екі жылда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, мүгедектік деңгейіне, асырауындағылар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты ауыстыруға қатысты.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды