2024 жылдың басынан бері 2,8 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 800 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жыл басынан Қазақстанға қандастардың жартысы (49,6%) Қытайдан, 31,9% – Өзбекстаннан, 6,8% – Түрікменстаннан, 6,5% – Моңғолиядан, 3,9% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден келген.
Осы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7%, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9% және зейнеткерлер 9,4% болды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9%-ы жоғары білімді, 21,3%-ының орта кәсіптік білімі бар, 55,3%-ы жалпы орта білімді, және 6,5%-ының білімі жоқ.
Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңіріне қоныстанды.
Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Жаңалықтар
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды