2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап декларацияны кімдер тапсыруға міндетті?

cover

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда біртіндеп жалпыға бірдей декларация енгізіледі. Қандай адамдар активтері туралы декларация тапсыруы қажет және қандай міндеттемелер бар?

Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңге бөлінген.

Бірінші кезең

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап (1 кезең) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны декларация тапсырған жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша келесі тұлғалар ұсынады:

• жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

 • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және олардың жұбайлары;

 • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;

• Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация тапсыру міндеті жүктелген адамдар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңнамасына сәйкес тапсырады.

Екінші кезең

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың жұбайларынан декларация қабылданады.

Үшінші кезең

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларының және олардың жұбайларының, жеке кәсіпкерлердің және олардың жұбайларының декларациясы.

Төртінші кезең

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаттары туралы декларация. Бірінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті адамдар.

Осылайша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 1-бабына сәйкес:

жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адам, бұл мемлекет функциялары мен мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және басқа заңдарында белгіленген лауазымға ие адам;

• оның ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты,

• сот,

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес саяси мемлекеттік қызмет немесе «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызмет лауазымын иеленетін адам; функцияларды орындауға уәкілетті тұлға,

• Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші,

• мәслихат депутаты,

• мемлекеттік қызметке тағайындалғанға дейін мемлекеттік қызметте көзделген міндеттерді уақытша орындайтын адам; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдарға теңестірілген адам,

• жергілікті өзін-өзі басқаруға сайланған адам;

• Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген азамат,
• Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттардың депутаттары,

• аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері,

• сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органының мүшелері;

 • жергілікті мемлекеттік органда тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметкер, оның сыйақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінен жүзеге асырылады;

• мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік секторда басқару функцияларын орындайтын адам,

• Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның департаменттерінің қызметкерлері;

• Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметкерлері;

 • қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері (сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңның 1-бабына (4 тармақшасы) сәйкес декларация тапсырады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар