20 млн теңгені қолды қылған қазақстандық Новосибирскте құрықталды

cover Фото: Polisia.kz

20 миллион теңгені алаяқтықпен жымқырған  қазақстандық Новосибирскте ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Өткен жылдан бері ол халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейдің ішкі істер департаменті интерполының сұрауы бойынша ұсталды. Оған ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдік тағылды.

ІІМ мәліметінше, күдікті Алматы қаласының тұрғыны, техника сататын сауда үйінде жұмыс істеген.

«Ұялы құрылғылар мен аксессуарларды сатамыз деген сылтаумен адамдарды алдаған. Ол жәбірленушілердің 20 миллион теңгеден астам қаражатын қолды қылған»,  деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта күдікті Новосибирскте қамауда отыр. Жақын арада оны экстрадициялау жоспарланып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар