19 жастағы екі студент дроппер алаяқтықпен айналысқан
Фото: Orda.kz / Ольга Ибраева
Қостанай облысында сот алаяқтардың құрбаны болған әйелдің 19 жастағы екі студентке қарсы талап арызын қанағаттандырды. Олар дроппер ретінде жұмыс істеп, алаяқтарға бөтен ақшаны алуға көмектескен, деп хабарлайды Orda.kz.
Жоғарғы сот мәліметінше, жәбірленуші әр студенттен тоғыз миллион теңге өндіруді талап еткен. Жауапкерлердің бірі өзінің кінәсіз екенін айтып, алаяқтардан ешқандай пайда көрмегенін мәлімдеді, ол картасына түскен қаражатты бірден алаяқтарға аударып жіберген.
Екінші студент өзіне аударылған күмәнді қаражат туралы ештеңе білмейтінін және банк шотын ашпағанын айтты. Алайда, бұл нұсқа сотта расталмады: дәлелдер оның шотты өзі ашқанын және банк қосымшасын орнатып, оған биометрия арқылы кіргенін растады.
Соттың шешімі бойынша, екі студент те алаяқтардың құрбаны болған әйел есебінен негізсіз баюға жол берген деп танылды — тіпті қаражатты бірден алаяқтарға қайтарған күннің өзінде. Енді дропперлер әйелге тоғыз миллион теңгеден төлеуі тиіс. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жалпы соңғы кезде елімізде алаяқтықтың бұл түрі көбейіп кеткен. Дроппер қарапайым тілмен айтқанда, заңсыз ақша аударымдарына немесе басқа да қаржылық операцияларға көмектесетін адам дегенді білдіреді. Дропперлер әдетте өз атына банк шотын ашып, оған түскен қаражатты негізгі алаяқтарға аударып отырады. Алаяқтардың тапсырмасы бойынша өз атына шот ашады немесе бар шотты пайдаланады.
Жаңалықтар
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты