19 млн теңге айыппұл мен жаза: Қыз алып қашқандар қалай жазаланады?
Фото: Fishki.net
Қазақстанда некеге мәжбүрлеу және алып қашу ісі үшін жазаны қатайтып жатыр. Қылмыстық, қылмыстық-атқару және қылмыстық-процессуалдық кодекстерді оңтайландыруға бағытталған заң жобасына «некеге мәжбүрлеу» ұғымы енгізіледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы мәжіліс дәлізінде депутат Абзал Құспан айтып берді.
Не өзгереді:
Бап атауы мен мазмұны өзгереді. Енді «қыз алып қашу» емес, «адамды некеге мәжбүрлеу» деп аталады. Жәбірленуші ретінде тек әйел емес, ер адам да танылуы мүмкін.
«Мәжбүрлеу тек күш қолдану арқылы ғана емес. Мысалы, бопсалау немесе жеке деректерді жариялаймын деп қорқыту арқылы да жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан бұл бап жан-жақты мәселелерді қамтиды,» — деп түсіндірді Құспан.
Жаңа бап бойынша жауапкершілік:
- Егер күш қолданылса, жәбірленуші кәмелетке толмаған болса немесе әрекет топтасып (соның ішінде туыстар да бар) жасалса — 5000 АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 19 млн теңге), не бостандығын шектеу, не 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген;
- Егер бұл әрекеттер жәбірленушінің өліміне әкеп соқса — 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады;
- Бопсалап немесе қорқытқаны үшін — 2000 АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 7,6 млн теңге), не түзету жұмыстары, не бостандығын шектеу, не 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар, жаңа заң бұрынғы жеңілдікті алып тастайды. Бұрын егер ұры құрбанды өз еркімен босатса, жазадан құтылатын. Енді бұл норма заңнан алынып тасталды.
Еске сала кетейік, Алматы облысында қыз алып қашқандар жол апатына ұшырап, қалыңдық көз жұмды.
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?