«18 килогерц» фильмі Мәскеу кинофестивалінде көрсетіледі

cover ЭкспрессК

Қазақстандық «18 килогерц» фильмі халықаралық Мәскеу кинофестивалінде көрсетіледі, деп хабарлады Orda.kz.

Режиссер Фархат Шариповтың фильмі конкурстан тыс «Жас және сымбатты» («Молодые и красивые») бағдарламасында көрсетіледі. Көрсетілімдер 28 және 29 сәуірде өтеді.

Мәскеу кинофестивалі 22 сәуірде Тимур Бекмамбетовтың кеңестік ұшқыш Михаил Девятаевтың ерлігі туралы фильмінің көрсетілімімен ашылады. Негізгі байқау бағдарламасына Жапония, Испания, Греция және басқа елдерден 13 фильм кірді.

Ашылу салтанатының қонақтары қызыл кілеммен әлеуметтік қашықтықты сақтап жүреді. Барлық көрмелер мен іс-шараларда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады. Кинофестивальдегі арнайы бағдарлама Оңтүстік Корея режиссері, 2020 жылы коронавирустың салдарынан қайтыс болған Ким Ки-Дукты еске алуға арналған.

Айта кетсек, «18 килогерц» фильмінің әлемдік премьерасы Варшава халықаралық кинофестивалінде өтті, онда фильм Гран-приді жеңіп алды.

Зара Есенаманның «Хардкор» кітабы негізінде түсірілген фильм 90-шы жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірінен сыр шертеді.

«18 килогерц» фильмі Азиядағы ең ірі кинофестиваль - Пусан халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында «Азия киносына терезе» бағдарламасында көрсетілді.

Еске салсақ, режиссер Фархат Шарипов «Сказ о розовом зайце», «Тренинг личностного роста» фильмдерімен танымал.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар