17 млн-нан астам қазақстандық халық санағынан өтті – Ұлттық статистика бюросы

cover

Халық санағына ел халқының 91,6 пайызы, яғни 17 428 058 қазақстандық қатысты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Халық санағына қатысқандардың жалпы санынан азаматтардың 40,4 пайызы онлайн, 51,2 пайызы оффлайн форматында өтті.

– 26 қазандағы жағдай бойынша халық санағынан өту жағдайында көш басында Алматы қаласы тұр. Мұнда санаққа қатысушылардың саны қала халқының 107,5 пайызын құрады. Сонымен, қазіргі уақытта қолда бар деректер бойынша Алматы тұрғындарының саны 2 005 496 адам болды, - деді Нұрболат Айдапкелов.

Екінші орында Түркістан облысы тұр, онда халықтың 98,6 пайызы немесе 2 032 333 адам санаққа қатысты. Үшінші орында Жамбыл облысы халықтың 98,6 пайызы, яғни 1 129 863 адам санаққа қатысқан.

Дәстүрлі форматтағы халық санағына қатысудың ең жоғары көрсеткіші Алматы қаласында тіркелді. Тұрғындардың 76,1 пайызы үй-үйді аралау кезінде санақтан өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар