160 млн теңге ұрлаған астық қоймаларының басшысы сотталды
Фото: elements.envato.com
«Астық қоймалары» директорына қатысты сот үкімі шықты. Бұл үкім 160 млн теңгенің астық ұрлығы мен 118 млн теңге шығынға әкелген салғырттық қылмысқа қатысты.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі хабарлады.
Астанада осы атышулы іс бойынша сот үкімі шықты. «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Марат Жүсіпов мемлекеттiк астық қорынан 160 миллион теңгеден астам сомада астық ұрлады деп және 118 миллион теңгеден астам сомадағы 996 тонна астықтың бүлінуіне себеп болған салғырттығы үшін кінәлі деп танылды.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Жүсіповке 8 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметтерді атқаруға тыйым салынды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы