16 жылдық мерейтойда күйеуін көсеумен ұрған әйел істі болды

cover Фото: freepik.com

Абай облысында әйел күйеуін көсеумен ұрып жарақаттады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Polisia.kz-тің мәліметінше, ерлі-зайыптылар отбасылы болғандарына 16 жыл толғанын тойлап отырған. Екеуі ішімдік ішкеннен кейін жанжалдаса бастаған. 36 жастағы әйел отбасылық жанжал кезінде күйеуіне дене жарақатын салады. Ол көсеумен күйеуінің басы мен денесіне жарақат салған. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды. Сот айыпталушыны үш жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ әйелдің 2 кішкентай баласы болғанына байланысты жаза шартты түрде тағайындалды. Әйел Затон ауданының пробация қызметіне тіркелді.

«Сотталған адамға жазаны өтеу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Сонымен қатар оған жұмысқа орналасуға көмек көрсетілді. Ол жергілікті ЖК-нің біріне жұмысқа қабылданды» — деді аудандық қызмет бастығы Ерлан Қыдырманов. 

Айта кетейік, Қостанайда кәмелет жасына толмаған баланы жарақаттап, өзіне қол жұмсаған ер адамның мәйіті табылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар