16 наурызға арналған ауа райы болжамы: Бірқатар өңірде дүлей дауыл соғады

cover Фото: freepik.com

Синоптиктер 16 наурыз, дүйсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде дауыл соғатынын ескертті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Қазгидромет РМК мәліметінше, 16 наурызда Астана қаласын түнде және таңертең тұман басады. Сондай-ақ Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыс және шығыс бағыттағы жел күндіз облыстың орталығы мен шығысында 15–20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысы аумағында да тұман болуы ықтимал.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Абай облысының батысы, солтүстігі және орталығында түнде және таңертең қар, боран және көктайғақ болады. Сондай-ақ облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде де тұман болады. Ақмола облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында, сондай-ақ Шымкент қаласында тұман түседі.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар