«159 млн теңгенің жанжалы»: Теміржол бейнебақылау жүйесінсіз қалды

cover Фото: Pexels

2024 жылғы 29 шілдеде Астана қаласының ауданаралық сотында теміржол бейнебақылау жүйесінің ақшасын жымқырғандарға қатысты сот үкімі шықты.

 Бұл туралы бас прокуратура хабарлады.

 «Әскери теміржол күзеті» ЖШС бас директоры және оның орынбасары, сондай-ақ, ЖШС-ның бас менеджеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім заңды күшіне енді.

Сотта айыпталушылардың 159 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны дәлелденді. Қаржы  теміржол станцияларына бейнебақылау жүйелерін орнатуға жұмсалған. Алайда жабдықтар толық жеткізілмеген, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеген немесе ақаулы болып шыққан. Бас менеджер аффилиирленген кәсіпкерлерді іздеп, бейнебақылау жүйелерін орнатумен айналысқан. Ал директор мен орынбасары қабылдау актілеріне қол қойып, мердігерлерге ақы төлеген.

Айыпталушылар 7-8 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды. Сот жымқырылған қаражатты айыпталушылардан өндіру туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар