15 жыл бойы қашып жүрген әйел Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды
Фото: DALL-E
Алматылықтардың 3,7 миллиард теңгеден астам қаржысын жымқырған әйел Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Orda.kz.
15 жыл бойы қашып жүрген әйел алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 2007 жылы халықаралық іздеуге жарияланған.
Бас прокуратураның мәліметінше, 2005 жылдан 2007 жылға дейін Өзбекстан азаматы болған әйел құрылыс компаниясында есепші болып жұмыс істеп, үлескерлерден ақша алған. Ол аяқталмаған тұрғын үйлердің төлеміне жалған түбіртектер жазып беріп, оларды еш жерде есепке алмаған.
«Оның және басқа да қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінен Алматы қаласының 80-нен астам тұрғыны зардап шекті. Жалпы залал мөлшері 3,7 миллиард теңгеден асқан», деп хабарлады ведомство.
Күдікті 2023 жылдың желтоқсан айында Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталды. Бас прокуратураның сұрауымен ол Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта әйел тергеу изоляторында. Оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат