15 жастағы қызды жүкті қылған 71 жастағы туысының ісін жылы жапқан полицейлер тексерілуде
Коллаж Orda.kz
Түркістан облысының Келес ауданында 15 жастағы қызға зорлық көрсетіп, жүкті еткен 71 жастағы ер адамға қатысты іс бойынша полиция қызметкерлері тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім еткендей, Келес аудандық полиция бөлімі істі номенклатуралық есептен алып тастаған. Осыған байланысты ішкі істер министрлігі мен облыстық прокуратура қызметтік тексеріс бастаған.
Күдіктіге қатысты «Зорлау» бабымен іс қозғалған. Зорлық көрсеткен адамның жәбірленушінің туысқан атасы екені анықталды. Қыз биыл қаңтарда босанған, ал жүктілігін отбасы жеті ай өткенде ғана білген. Күдікті көрші үйде тұрып келген және өз кінәсін мойындаған.
Кәмелетке толмағанның анасы ресми арызды тек қазан айында жазған.
Бұған дейін Ақтөбе облысында да осындай жағдай тіркелген еді. Өгей әкесінен зорлық көріп, сабақ үстінде толғатқан оқушының оқиғасы қоғамда үлкен резонансқа ие болды.
Жаңалықтар
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Перуашев ұсталған журналист Ботагөз Омарованы қолдауға дайын екенін айтты
- Батыс медиасы АҚШ құрлық операциясын бастайтынын жазып жатыр. Трамп неге соққыны кейінге қалдырды?
- Депутат Әбенов: Көшеде жарысатын жүргізушілердің жазасын күшейту керек
- Наурыз ҰБТ: 179 талапкер ереже бұзған
- Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды
- ІІМ-ді жаппай тазарту қажет — депутат Бақытжан Базарбек
- Әскерде зорлық көргені туралы жалған ақпарат таратып, жылу жиған жігіт қамауға алынды
- Наурыз мерекесін тойламауға шақырған азамат ұсталды: Қылмыстық іс қозғалды
- Зейнетақы жинағынан шешіп алатын қаражат жеткізер емес