$1,5 миллиардтық алаяқтық: хакерлер Bybit криптобиржасын бұзды

cover Фото: pixabay

Бұл тонау бұған дейінгі криптовалюта тарихындағы ең ірісі деп аталды, деп хабарлайды Orda.kz.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Bybit криптобиржасы 21 ақпан, жұма күні хакерлік шабуылға ұшырады. Нәтижесінде бір Ethereum әмиянындағы қаражатынан 1,5 миллиард доллар белгісіз бағытқа аударылды.

Компания клиенттерге басқа әмияндардың бүлінбегенін, қаражаттың қорғалғанын және барлық шығындар сақтандыру арқылы өтелетінін айтып (ұрланған мүлікті қайтару мүмкін болмаса), сендіруге тырысты.

Bybit тонауды ұйымдастырушыларды ұстауға және активтерді қайтаруға көмектесетін кез келген адамға 140 миллион доллар төлеуге дайын екенін мәлімдеді. 

Сонымен қатар, Bybit негізін қалаушы Бен Чжао хакерлік шабуылдан кейін платформада қаражатты «жаппай шешіп алу» әлі де жалғасып жатқанын айтты.

Компания бүгінде бүкіл әлем бойынша 60 миллионнан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді және әртүрлі криптовалюталарға, соның ішінде Bitcoin және Ethereum-ға алуды ұсынады.

Қазақстанда криптовалюта айналымына арналған платформа пайда болатынын қаңтар айында жазғанбыз.

Сонымен қатар АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің атымен аталатын криптовалютасын іске қосты.  Бұл әлеуетті сатып алушыларды әбігерге түсіріп, нәтижесінде оның жалпы құны бірнеше сағат ішінде бірнеше миллиард долларға дейін өсті.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар