13 сағат жарықсыз отырған Өскемен халқы жолды жауып тастады

cover Фото: Envato

Кеше, 28 қаңтар күні Өскеменнің 28-ші шағын ауданының тұрғындары таңертеңнен бастап электр энергиясының жоқтығына наразылық танытып, жолды жапты, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тұрғындардың айтуынша, сағат 9:00-ден бастап үйлерінде электр жарығы өшіп, жылыту жұмыстары тоқтап қалған. Оқиға орнына полиция өкілдері мен қала әкімі Алмат Ақышев келді.

Жергілікті тұрғындар электр қуатының үзілуіне байланысты тұрмыстық техниканы пайдалану, тамақ дайындау мүмкін еместігін айтты. Сондай-ақ үйлері де суып кеткен.

«Тұрғындар электр қуатының жоқтығына шағымданып тұр. Жарықтың жоқтығынан үйлерін жылыта алмай отыр. Үйде балалар бар. Мұндай жағдай бірінші рет емес. Бүгін тұрғындарға ешқандай көмек көрсетілмеген», - деп түсіндірді қоғам қайраткері Александра Исмаилова.

Қала әкімі бұл жерге ақауларды жою үшін энергокомпанияның мамандары жіберілетінін айтып, сендірді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар