115 млн долларға Байқоңырды жалға алды: Қазақстан бұл бағаны қайта қарай ма?
Фото: Orda.kz / Камила Ермаханова
Қазақстан Байқоңырдың кейбір бөлігін жалға беруден бас тартып жатыр. Ал Ресей әлі де бұрынғы ақшаны төлеп отыр. Бұл мәселеге қатысты цифрлық даму министрі пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасұлан Мадиевтің айтуынша, Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағы үшін Ресей жыл сайын төлеп отырған жалдау ақысын қайта қарастыруды жоспарлап отырған жоқ. Оның сөзінше, бұл қаражат экономикалық факторлардың бәрін ескере отырып қойылған толықтай орынды баға.
«Қазіргі таңда бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ. Біз 115 миллион долларды орынды баға деп есептейміз», – деді министр.
Министрдің айтуынша, доллардағы инфляцияға қарамастан, бұл есеп Қазақстан үшін тиімді. Себебі ел ішіндегі шығындар теңгемен өтеледі.
«Долларға инфляция бар. Бірақ теңгедегі инфляция одан да жоғары, ал доллар бағамы тұрақты. Қазақстан тарапы көтеретін барлық шығындар ұлттық валютада жүзеге асырылады. Сондықтан факторлардың бәрін ескерсек те, бұл баға Қазақстанға әлі де тиімді», – деді Мәдиев.
Еске сала кетсек, Владимир Путин Байқоңыр қаласын дамыту үшін көп жұмыс істеп жатқанын алға тартқан еді.
Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды
- Алматыда жоспарлы түрде жарық өшеді: Қай көшелерде?
- «Иран бұрынғыдай емес»: Нетаньяху соғыс басталғалы бергі алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
- Польшада жоғалған қазақстандық әйелдің мәйіті табылды
- Билік Қазақстан экономикасына 22,7 трлн инвестиция құйылғанын айтты
- Арыс ауданында жоқ малға субсидия алған әйел сотталды
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі