11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз еңбек етіп жүр
Фото: Sputnikglobe.com
Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жатқан 15 мың қазақстандықтың шамамен 11 мыңы — заңсыз жұмыс істеп жүр. Оңтүстік Корея Қазақстаннан заңсыз мигрант мәселесін шешуді талап етті, деп хабарлайды Orda.kz.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, шетелде 126 мыңға жуық қазақ азаматы еңбек етеді. Оның 102 мыңы — Ресейде, 15 мыңы — Оңтүстік Кореяда, 2 мыңға жуығы — Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ елдерінде жұмыс істейді.
«Барлық елдермен бізде тиісті келісімдер жоқ. Мысалы, Ұлыбританиямен меморандумға қол қойылды. Ал Оңтүстік Кореямен келіссөз жалғасып жатыр. Біз екі жыл бойы диалог жүргізіп келеміз. Кореядағы саяси жағдайға байланысты арада үзіліс болды. Осы күздің соңына дейін келіссөздерді қайта бастауды жоспарлап отырмыз», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев.
Бүгінгі таңда Оңтүстік Кореяда жұмыс істеп жатқан 15 мың қазақстандықтың шамамен 11 мыңы — заңсыз жұмыс істеп жүр. Вице-министр Корея тарапының мигранттар бойынша бірнеше талабы барын айтты.
«Олар сол елде заңсыз жүрген азаматтарымызға қатысты нақты шара қабылдауды талап етіп отыр», — деді Асқарбек Ертаев.
Айта кетейік, 8 қазан күні Жезқазғанда 50 жастағы жұмысшы топырақ астында қалып көз жұмды.
Жаңалықтар
- Иранда барлау қызметінің басшысы Маджид Хадеми көз жұмды
- Ақмола облысында бөгет жарылды: Қазіргі жағдай қалай?
- Атырауда 2-сынып оқушысын көлік қағып өлтірді
- Астанада Танагөз Толқынқызына қатысты тексеру аяқталды
- Алматы облысында 14 және 17 жастағы жасөспірімдер үй ұрлығымен айналысқан
- АҚШ пен Иран 45 күндік бітімге келуі мүмкін
- Әлкей Марғұлан: Мұрағат пен дала арасындағы ғалым
- Қазақстанда қандай кітаптарды сақтау қылмыс саналады?
- Прокуратура Жақсылық Омарға шыққан үкімге пікір білдірді
- Дағыстанды су басты: Тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуде
- Қарағанды облысында ішінде 50 адамы бар автобус аударылды
- Ақмола облысында бөгет жарылды
- Армения Ресей газ бағасын көтерсе, ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығатынын мәлімдеді
- Түркістан облысында бірнеше күн іздестірілген суға батып кеткен қыздың денесі табылды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы кейбір кемелердің өтуіне рұқсат берді
- АҚШ-та ирандық генерал-майор Сүлейманидің туысы ұсталды
- Алматыда жеке клиникада сүндетке отырған бала ауруханаға түсті
- Иран Кувейт, Бахрейн және БАӘ-дегі АҚШ-тың әскери нысандарына шабуыл жасады
- Қазақстан мен Қытай шекарасында бірнеше өткізу пункті жабылды
- Қазақстан жолдарында лазерлік жарықтандыру болады