1 миллиард теңге ұрлап іздеуде жүрген ломбард басшысы ұсталды
Фото: gov.kz
Қарағандыда 1 млрд теңге ұрлағаны үшін іздеуде жүрген ломбард филиалының директоры ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қарағандыда мемлекетаралық іздеуде жүрген адам ұсталды. Ер адам бөтеннің мүлкін иемденіп, жымқырды деген күдікке ілінді. Ол өзінің сыбайластарымен Шымкенттегі ломбардтардың бірінің филиалының директоры болған кезінде ЖШС-нің 1 млрд теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған» деп жазылған хабарламада.
Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады.
«Ол 2023 жылдың қараша айында жәбірленушіге тендерге қатысу кезінде жақсы пайда әкелемін деп уәде беріп, кәсіпкерлік қызметті желеу етіп, 76 миллион теңгеден астам ақша мен Lexus 570 автокөлігін иемденген», деп түсіндірді полицейлер.
Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы Бейнеу вокзалында ұрлық жасағаны үшін полицейлер іздеп жүрген көрші мемлекеттің азаматы ұсталды. Ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы «ер адам Атырау қаласында бір топ адаммен бірге базар қоймасынан 19 миллион теңгенің тауарын ұрлаған».
Барлық айыпталушылардың уақытша ұстау изоляторына қамалғаны атап өтілді.
«Ішкі істер министрлігі қоғамда «Құқықтық тәртіп» қағидатын нығайту бойынша жұмыстарды жалғастыруда, оның ішінде әртүрлі қылмыстар жасаған іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жерін анықтауға және жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған», деп атап өтті ІІМ.
Жаңалықтар
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды