«Төртінші әйелі екенмін»: Мөлдір Әуелбекова жеке өмірі туралы шындықты айтты
Фото: \"Мамский әңгіме\"
Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова «Мамский әңгіме» Youtube-арнасына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты шындықты айтты, деп хабарлайды Orda.kz ақпарат порталы.
Сұхбат барысында Мөлдір Әуелбекова намазға қалай келгенін, кімнің себеп болғанын айтты.
«Әрине, бұндай дүниелер айтылмайды. Дегенмен, бөлісейін. Намазға келгеніме 9 жыл болды, себепкер әкем еді. Үйдегілердің бәрі намазхан кісілер. Мен біздің жанұядағы намазға соңғы келгендердің қатарындамын. Ойлаңызшы, талай жыл өнерде жүріп намазға келу өте қиын еді. Әкем де «Қашан намазға жығыласың, ол парыз ғой» деп сұрайтын. Мен сол кезде әкеме уәде бергем: «Алла қаласа тұрмысқа шығам. Қалай шығам, бірден жығылам» дедім. 12 желтоқсан тойымыз болды, қаңтардан бастап бірден намазға жығылдым. Күнделікті намаздың қалай оқылатынын көріп жүрген соң оқу оңай болды. Өз ортамда намаз оқитынымды ешкім білмейтін. Өйткені, мен солай болу керек деп ойладым. Қазір барып намаз оқып келейін, тоқтаңдар!» демей, үндемей «бізде 5 минут уақыт бар ма? Қазір келемін. Күте тұрыңыздаршы» деп намазымды оқып келетін едім. Ол кезде көпшілік білмеген соң, орамал таққан кезде ғана намазға келді деп ойлады. Өйткені, орамалды жасыра алмайсың» деді әнші.
Мөлдір Әуелбекова орамалға 5 жыл нәпсісімен күресіп келгенін айтты.
«Орамалды мен екінші рет тұрмысқа шыққан кезде тақтым. Орамалға келуге ұзақ уақыт дайындалдым. 5 жыл нәпсіммен күресіп, соңында орамалға келдім. Орамал тақсам, өнер саласындағы жетістіктерім тоқтап, телевидениеге жол жабылатынын білдім. Ешқандай жерге шақырмайтынын да қабылдадым» деп бөлісті Әуелбекова.
Мөлдір Әуелбекова екінші рет тұрмысқа шыққан соң, осы уақытқа дейінгі ойы өзгергенін де айтты.
«Намаз оқитын адамдар: адал, қиянат жасамайды деп ойлайтынмын. Бірақ, екінші некем маған арғы бетін көрсетті. Менің түйген ойымды жоққа шығарды. Екінші рет тұрмысқа шығатынымды білдім. Менің бірінші талабым - намазхан болу керек. Шариғат бойынша тұрмысқа шықтым. Намазхан жігіт қиянат жасамайды деп ойладым. Екі некемді де сәтсіз деп айтпаймын. Тағдырыма ризамын. Екі балам бар, тәтті қызым бар. Алладан дұға тілеп, иманымды күшейтетін, иман жолында жүретін жан сұрадым. Мен күйеуімнің артында тұрып, намаз оқуды армандайтынмын. Бірінші некемде ол арманым орындалмады» деді ол.
Әнші бір адам жеңгетайлық жасап, екінші жолдасымен қалай танысқаны туралы айтты.
«20 жыл араласқан адам жеңгетайлық жасап, таныстырды. Оған сенім арттым. Бір апта сөйлестік. Ораза кезі, бірінші ораза күні хабарласты. Намазхан, қажы. Бәрі сәйкес келді. Сырға салып, баламмен бірге алып кетті. Мені баурап алғаны - балам оны бірден әке деді. Өте балажанды. Бірақ, қызым ішімде болған кезде, мен ол кісіден кетіп қалдым. Танымай, шариғат заңы бойынша күйеуге шықтым. Ақымақтық-қой. Қысқаша айтқанда, мен оның төртінші әйелі екенмін» деп түйіндеді әнші.
Өміріндегі осындай сәтсіз оқиғадан кейін Мөлдір Әуебекова сиуцидке де бармақ болған.
«Содан күйзеліске түстім. Күйеуім өзінің отбасы мен бала-шағасына кетіп қалатын, ал мен баламмен жалғыз қалдым. Әке-шешемді жерге қараттым деп ойладым. Тіпті, суицидке баруға да қадам жасадым. 16-қабаттан секіріп кеткім келді. Үйге «Назар» тобымдағы Еркежан келіп қалып, ойымды бөліп жіберді. Заңды неке болмады. Мұның бәрін не үшін айтып жатырмын, басқа қыздарға да сабақ болсын деп жасырмай айтып отырмын» деді әнші.
Жаңалықтар
- Армения премьер-министрі ресейлік телеарналарды өшіреміз деп қорқытты
- Сырттан келгендер үшін бензин мен дизельдің бағасы басқа болады
- Теңіздегі жөндеу жұмыстары мұнай өндірісін 25%-ға төмендетті
- Тәжікстан билігі өз азаматтарын Қазақстан әуежайларында тексеруге дайын болуға шақырды
- Құтқарушылар еліміздің су басқан аймақтарында су сорғызып жатыр
- Бітімгерліктен бас тартқан Израиль Газа секторының оңтүстігін атқылай бастады
- Атырау облысында Жайық өзеніндегі су шекті деңгейге жетті
- Тоқаев, Жапаров, Рахмон: Путиннің көмекшісі Мәскеудегі жеңіс шеруінде кім болатынын айтты
- Хамас Газа секторында атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдады
- Мұғалімдерге ғылыми жұмысы үшін қосымша ақы төленеді: Тоқаев заңға қол қойды
- Жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 900 фактісі анықталды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
- Қасым-Жомарт Тоқаев екі келісімді ратификациялады
- Қазақстанда қант экспортына жаздың соңына дейін тыйым салынады.
- Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда типтік тұрғын үйлер салынады - Қанат Бозымбаев
- Қасым-Жомарт Тоқаев екі келісімді ратификациялады
- Қазақстанда Ұлттық кітап күні болуы мүмкін
- Эр-Рияд осы жазда «қара алтынға» жоғары сұраныс көрсетеді
- Цифрлық даму министрлігінің тексеруінен кейін AirAstana мен Қазақтелекомға айыппұл салынды
- Америкалық азамат Қазақстандағы туыстары туралы мәлімет тапты