Тәжікстан билігі өз азаматтарын Қазақстан әуежайларында тексеруге дайын болуға шақырды

cover Фото: Анадолу

1 мамырдан бастап Қазақстанның барлық әуежайларында қауіпсіздікті күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілді, деп хабарлайды Orda.kz.

Осыған байланысты Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі өз азаматтарына Қазақстанға барған кезде барлық қажетті құжаттарды өздерімен бірге ала баруға кеңес берді.

«Азаматтар Қазақстанда шекаралық және кедендік бақылаудан өткен кезде сапардың мақсаты мен уақыты, тұрғылықты жері, достарының немесе туыстарының Қазақстанда болуына қатысты сұрақтарға жауап беруге, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсетуге дайын болуы керек. Мәселелер туындаса, елшіліктен немесе бас консулдықтан көмек сұрау керек» деп кеңес берді СІМ. 


Ведомство екі ел арасында тығыз және сындарлы ынтымақтастық орнағанын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар