Жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 900 фактісі анықталды

cover

Үкімет отырысында Қазақстан нарығын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Orda.kz.

Энергетика министрі Сәтқалиев пен «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы Мырзағалиев нарықтағы тұрақты жағдай мен жанар-жағармайдың барлық түрлері бойынша жеткілікті қор барын мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көктемгі егіс жұмыстарына дизельдік отын бірінші кезекте жөнелтіледі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары Әбсаматов мұнай өнімдерінің көлденең ағындары мен «сұр» экспорттың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесе отырып, өткізу бекеттерінде шамамен 130 мың литр көлеміндегі жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 900-ге жуық фактісі анықталып, жолын кесілді.

«Жыл басынан бері Қаржы мониторингі агенттігімен жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын алты мың тонна жанар-жағармайдың заңсыз сатылуы бойынша 13 материал тіркелді» деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар