Құтқарушылар еліміздің су басқан аймақтарында су сорғызып жатыр
Құлсары, Петропавл қалалары мен Қызылжар ауданында су басқан үйлерден суды сору жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Еліміздің солтүстігінде бар болғаны бір тәулікте құтқарушылар 704 үй мен 219 ауладан су сорып, барлығы 130 227 текше метр су шығарылды. Өзендердегі су деңгейіне де тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Су тасқынымен күресу үшін Солтүстік Қазақстан облысына Алматы, Абай облыстары, сондай-ақ Қостанай және Павлодар облыстарынан мамандар мен техника жіберілді.
Ырғыз ауданы (Ақтөбе облысы) Құйылыс және Жайсаңбай ауылдарында Торғай өзенінің жағалауын нығайту және су деңгейін тұрақты бақылау жұмыстары жалғасуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері Қызылжар ауданында (Солтүстік Қазақстан облысы) су басқан 97 үйді, сондай-ақ Құлсары қаласы мен Жылыой ауданындағы (Атырау облысы) екі көпқабатты тұрғын үй мен аумақты залалсыздандырды. Орал қаласының (Батыс Қазақстан облысы) қала маңындағы аудандарында Қорғаныс министрлігінің әскерлері жалпы ауданы 65,2 гектар болатын су басқан аумақтарды өңдеді.
Республика бойынша 50 467 адам үйлеріне оралды, 5 447 адам уақытша орналастыру орталықтарында қалды.
Су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 458 адам, 1 289 техника, 329 су соратын және 68 су көлігі, сондай-ақ алты ұшақ жұмылдырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады