Шымкентте есірткі сатушыдан 3,5 келі мефедрон табылды

cover Фото: elements.evento

Полицейлер есірткі жөнелтімі бар ер адамды ұстады.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды.

20 жастағы ер адам қытырлақ пакетте синтетикалық есірткі алып жүрген.

Оның жалға алған пәтерін тексеру кезінде  аса көп мөлшерде мефедрон  табылған. Онда «ұнтақ» салынған 150-ден астам пакет тәркіленді. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 3,5 келі болды.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар