Қызыл кітапқа енген итбалықтар Каспий теңізінде қырылып жатыр
Фото: Pixabay
Түпқараған ауданындағы Каспий теңізінің жағалауында соңғы бірнеше күнде 80-ге жуық итбалық өлексесі табылды.
Инспекторлар мен экологтар жануарлардың өлекселерін ыдыраған күйде тапты. Ғалымдардың пайымдауынша, итбалықтар қыста өлген және олардың өлекселері осы уақыт бойы суда жатқан.
«Олар 23 сәуірде басталып, бүгінге дейін жалғасып жатқан батыстан соққан дауылды жел салдарынан жағаға шықты. Ұшалардың жағдайына байланысты сынама алу қиындықтарына қарамастан, ішкі ағзалары мен азу тістерінің бір бөлігі әрі қарай зертханалық зерттеуге алынды» деп хабарлады Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасы.
Сирек кездесетін жануарлардың өліміне не себеп болғаны туралы әзірге ешқандай болжам жоқ, бірақ итбалықтардың дене жарақаттары болмағаны белгілі.
Бір айдың ішінде Каспий теңізінен 182 өлі итбалық табылды.
Жаңалықтар
- Армения премьер-министрі ресейлік телеарналарды өшіреміз деп қорқытты
- Сырттан келгендер үшін бензин мен дизельдің бағасы басқа болады
- Теңіздегі жөндеу жұмыстары мұнай өндірісін 25%-ға төмендетті
- Тәжікстан билігі өз азаматтарын Қазақстан әуежайларында тексеруге дайын болуға шақырды
- Құтқарушылар еліміздің су басқан аймақтарында су сорғызып жатыр
- Бітімгерліктен бас тартқан Израиль Газа секторының оңтүстігін атқылай бастады
- Атырау облысында Жайық өзеніндегі су шекті деңгейге жетті
- Тоқаев, Жапаров, Рахмон: Путиннің көмекшісі Мәскеудегі жеңіс шеруінде кім болатынын айтты
- Хамас Газа секторында атысты тоқтату туралы ұсынысты қабылдады
- Мұғалімдерге ғылыми жұмысы үшін қосымша ақы төленеді: Тоқаев заңға қол қойды
- Жанар-жағармайды заңсыз әкетудің 900 фактісі анықталды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады
- Қасым-Жомарт Тоқаев екі келісімді ратификациялады
- Қазақстанда қант экспортына жаздың соңына дейін тыйым салынады.
- Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда типтік тұрғын үйлер салынады - Қанат Бозымбаев
- Қасым-Жомарт Тоқаев екі келісімді ратификациялады
- Қазақстанда Ұлттық кітап күні болуы мүмкін
- Эр-Рияд осы жазда «қара алтынға» жоғары сұраныс көрсетеді
- Цифрлық даму министрлігінің тексеруінен кейін AirAstana мен Қазақтелекомға айыппұл салынды
- Америкалық азамат Қазақстандағы туыстары туралы мәлімет тапты