Тұрғымбаев балаларға қатысты қылмыстар үшін жаза күшейтілгенін мәлімдеді

cover

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында балаларға қатысты зорлық қылмыстары үшін жаза күшейтілгенін мәлімдеді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

— Балалардың қауіпсіздігі өте өзекті мәселе. Ішкі істер министрлігі бірқатар шаралар қабылдады. Заңға өзгерістер енгізілді, балаларға қатысты зорлау және сексуалды қылмыстар үшін жаза күшейтілді. Енді бұл бап бойынша татуласу мүмкін емес және мерзімнен бұрын босатылмайды.

Профилактикалық мәселе бойынша, қазір кәмелетке толмағандар ісі инспекторларының саны 448-ге дейін көбейтілді. Енді әр қалада, әр аумақта, әр ауданда бізде осындай инспекторлар болады. Олар жергілікті органдармен бірге профилактикалық шаралармен айналысады, - деді Тұрғымбаев.

Ішкі істер министрі Татарстандағы қайғылы жағдай бойынша да мемлекеттік органдармен бірге жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

— Татарстандағы қайғылы жағдай бойынша мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Мектептерде қауіпсіздік жұмыстарын мемлекеттік органдармен бірге істеп жатырмыз. Біріншіден, білім органдарымен бірге 7,5 мектепті тексердік. Кемшіліктер бар. 30 пайыз мектептерде дабыл қағу жүйесі жоқ. Турникеттер мен темір іздегіш аппараттар 5 пайызында ғана бар.

Мектептердің 6 пайызында ғана күзет ұйымдары бар. Бүгінгі таңда Ішкі істер министрлігі Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдарымен бірге жұмыстар атқарып жатыр. Жылдың аяғына дейін қаржы бөлінеді. Осы кемшіліктердің барлығын жоямыз деп үміттенемін, - деді Ерлан Тұрғымбаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар