«Жұмыстың жаманы жоқ»: 2025 жыл - жұмысшылар жылы деп жарияланды

cover Фото: Envato

Жолдауда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл -  жұмысшылар жылы деп жариялады. Сонымен қатар, техникалық және кәсіби білім беру жүйесіне реформа керектігін айтты.

Президенттің айтуынша, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады.

«Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруы тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан -  байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек», – деді Тоқаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар