Жол ережесін бұзудан жаңа рекорд орнатты: 2 млн айыппұл салынды

cover

Қостанайда көлік жүргізушісі екі айда 96 рет жол жүру ережесін бұзғаны үшін енді 2 млн айыппұл төлейді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде «Ваз 2109» маркалы көлікті тоқтатқан.

Электронды жүйеде 8 сәуірден бастап жүргізуші 96 рет жол ережесін бұзғаны тіркелген.

2 әкімшілік хаттама жасалып, жас жігітке 2 млн айыппұл салынды. Көлік әкімдіктің арнайы тұрағына қойылды.

– Оның көлік жүргізу куәлігі де болмай шықты. Сақтандыру полисі де болмады, - деді полицейлер.

Бұған дейін Рудный қаласының тұрғыны 10 сәуірден бастап 37 рет жол жүру ережесін бүзғаны анықталған. Оған 740 мың айыппұл салынды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар