Жойқын дауылдан 81 адам мерт болды

cover Фото: freepik.com

Филиппинде «Трами» дауылынан көз жұмғандар саны 81 адамға жетті, деп хабарлайды Orda.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, тағы 34 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Ел тұрғындары қаза болғандардың әлі де көп екенін ескертті. Ауа райы оларға жетуге қиындық туындатып жатыр. 

Құтқару ісіне полиция мен өрт сөндірушілер де тартылған. 1 күн ішінде жауын-шашынның 2 айлық мөлшері түсті. Дауыл соққан аймақтарда 4 миллион 200 мыңнан астам адам тұрады. Жарты миллион тұрғын басқа аудандарға көшті, 6400 адам уақытша паналау орталықтарына орналасты. 

Жалпы елде жыл басынан бері 11 рет қатты дауыл соқты. Жұмадан бері мекемелер мен мектептер жабық тұр. Аралдар арасына жүретін кеме қатынасы да тоқтатылған. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар