Жетісу облысының әкімі жалақысын жариялады

cover

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтан қанша жалақы алатынын сұрады.

Брифинг барысында Бейбіт Исабаев облыста ең қажетті азық-түлік тауарларының бағасы 9,6 пайызға өскенін хабарлады. Бұл өсу маусымдық. Бұл ретте облыс бойынша орташа жалақы 259 мың теңге болды. Ал республикадағы орташа жалақы 350 мың теңгені құрайды.

Журналистер әкімнің өзі алатын жалақысы тамаққа жете ме, деп сұрады.

«Әрине, жеткілікті. Қолыма шамамен 1,8-1,9 миллион теңге түседі. Өйткені менің мемлекеттік қызметте өте ұзақ еңбек өтілім бар – 30 жылдан астам», – деді әкім Бейбіт Исабаев.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар