Жетісу облысында сабақ уақытында оқушылар «шайтан ойыны» мен порно сайттарда отырған

cover Фото: envato

Жетісу облысында оқушылардың  сабақ уақытында тыйым салынған сайттарға кіргені үшін жеті педагог жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Orda.kz

Жетісу облысында жеті мектептің оқушылары сабақ уақытында «шайтан ойыны» мен порно сайттарда отырған. Мектептегі бұзушылықтарды аймақтық прокуратура қызметкерлері анықтады. Жеті педагог жауапкершілікке тартылды

«Көксу ауданының жеті мектебінде информатика кабинеттерінде төрт мың оқушы тыйым салынған сайттарға, соның ішінде «шайтан ойыны» діни ресурсы мен ересектерге арналған мазмұндағы порталдарға кірген», деп жазылған хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған сайттар бұғатталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар