«Жерді сатпаңыз!» Шымкентіктер Тоқаевтың қызметінен кетуін талап етті

cover

Бір топ адам жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге наразылық білдіру үшін Шымкент қаласының әкімдігіне келді.

Бұл туралы Orda.kz Азаттыққа сілтеме жасап хабарлады.

Жер комиссиясының жұмысына наразы белсенділер президент Тоқаевтың отставкаға кетуін талап етті. Олар сондай-ақ наразылық акциясын 24 сәуірде өткізетінін мәлімдеді.

Олардың айтуынша, жер комиссиясы мүшелерін мемлекет басшысы тағайындаған. Негізінде оны халық сайлауы керек.  

– Мысалы, комиссияда тау-кен және орман қоры жерлерін сату немесе жалға беру туралы дау туындайды. Орман болсын, шахта болсын, ол жер. Жерді сатуға болмайды, - деді наразылық білдірушілердің бірі Жанарбек Сейтінбек.

Тағы бір белсенді Лесбек Байжанов мемлекеттік жерді сату немесе жалға беру сатқындық деп санайды. Ол егер президент жер мәселесін шешпесе, онда «оған импичмент жариялау керек» деді.

Наразы топ Атырау облысындағы Ресеймен шекаралас Көптоғай ауылының тұрғындарын қолдайтындықтарын білдірді. Олардың ойынша, бұл оқиға Қазақстанның мемлекеттік шекарасы әлі толық анықталмағанын көрсетеді.

Белсенділерге әкімдіктен ешкім шықпады. Соңында наразы топ тарап кетті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар