Жер сілкінісінен 2000 аса адам қаза тапты

cover Фото: Бейнеден кадр

Мьянмадағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мыңнан асты, ал Тайландта көз жұмғандар саны 18-ге жетті деп хабарлайды Orda.kz.

Reuters  агенттігінің мәліметінше,  табиғи апат Мьянманың тұтас аудандарын қиратып, көршілес Тайландқа да әсер етті. Бангкокте құлау қаупі бар зәулім ғимарат үйіндісінің астында қалған 76 адамды құтқарушылар іздестіріп жатыр. Қазіргі таңда 18 адамның қаза тапқаны расталды, билік өкілдерінің айтуынша, бұл сан артуы мүмкін.  

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы елдің орталық аймақтарындағы 23 мың зардап шеккен адамға шұғыл гуманитарлық көмек жіберді. Үндістан, Қытай, Тайланд, Малайзия, Сингапур және Ресей құтқарушылар мен гуманитарлық жүктерді жөнелтіп үлгерді. АҚШ жергілікті ұйымдар арқылы көмекке 2 миллион доллар бөледі. 

Еске сала кетейік, 28 наурызда Мьянмада 7,7 магнитудалы жер сілкінісі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар