Жемқор шенеуніктерден мектеп салуға 50 млрд теңге тәркіленді

cover

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржы бірінші кезекте балалар үш ауысымда оқитын аймақтардағы жаңа мектептердің құрылысына бағытталады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов қаржының Қаржы министрлігінің арнайы шотына түсетінін айтты. Қазірдің өзінде 50 млрд теңгеге жуық қаржы түсті, жақын арада бұл сома 100 млрд теңгеге дейін өседі.

- Олар жетіспейтін және үш ауысымды білім беретін, сондай-ақ кейбір өңірлердегі апатты жағдайдағы мектептердегі оқушыларды қосымша орынмен қамтамасыз ету үшін және мектептерге қосымша құрылыстар салуға бағытталатын болады. Қазір Оқу-ағарту министрлігі жоспарлы түрде қаржыландырылатын бюджетке енгізілген қаражатқа қосымша қаржыландыру мақсатында тиісті құжаттаманы дайындауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қаражаттың қандай да бір көлемін арнайы жоспарламаймыз, оны алған соң бөлеміз, - деді министрлер кабинетінің басшысы Сенат отырысында.

1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлардан тәркіленген ақшаның барлығын мектеп салуға жұмсау керектігін айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар