Жекпе-жектен ҚР чемпионы Асқар Үмбетов сотталды

cover

Жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Асқар Үмбетов бопсалағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz

Атырауда бопсалау және басқа да қылмыстар үшін айыпталған топтың үш мүшесіне қатысты үкім шығарылды.

Қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Айыптау нұсқасы бойынша, спортшылар кірген топ мүшелері Оңтүстік Қазақстандағы «Көктем» және «Дина» базарларының саудагерлеріне тауардың қирауы немесе жойылуымен қорқытып, ақша бопсалады. Бүгін бұл іс бойынша сот үкімі жарияланды.

Барлық үш сотталушы 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Үкімге сәйкес спортшылар жазаны қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады. Бұл ретте олардың әрқайсысы зардап шеккен тараптарға өтемақы түрінде 80 мың теңгеден төлеуі тиіс.

Айыпталушылардың бірі — Асқар Үмбетов каратэден Қазақстан чемпионы, жауынгерлік самбо, джиу-джитсу және панкратионнан ҚР чемпионы ретінде танымал.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар