Жарылыс кезінде эвакуацияланған ауыл тұрғындары үйлеріне оралуда

cover

Жарылыс болған Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің жанында орналасқан ауылдардың тұрғындары үйлеріне қайтып жатыр, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, жрылыс кезінде Тараз қаласындағы мектептерге шамамен 1200 адам - ​​Қайнар, Ботамойнақ, Жібек жолы ауылдарының тұрғындары мен Байзақ ауданының Үшбұлақ станциясының тұрғындары көшірілген болатын.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта үкіметтік сараптамалық топ келтірілген шығын мөлшерін анықтап жатыр.

Ауыл тұрғындарының үйлерінен басқа, жарылыстар жол бойындағы қызмет көрсететін бірнеше нысандарға - кафелер мен жанармай бекеттеріне зақым келтірді.

Бірінші кезекте тұрғын үйлер, кәсіпкерлік нысандар мен инфрақұрылым қалпына келтіріледі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар